ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің мұрындық болуымен ҚМДБ-ның жалпы және жастармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі – Алтынбек Ұтысханұлы Сыр елінде іс-сапарда болды.
Іс-сапар аясында Алтынбек Ұтысханұлы бірнеше мекемелерде жастармен кездесу өткізіп, орталық «Ақмешіт Сырдария» мешітінде уағыз-насихат жүргізді.
Қаладағы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де Алтынбек Ұтысханұлы қыз балалармен кездесуге қатысты. Келелі кездесуде Ислам дінініндегі әйелдің орны туралы насихат айтылды.
Ал, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы облысымызда әйел жамағаттармен жүргізілген шараларға тоқталды.
Кездесуде қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, жауаптар алды.
Одан бөлек А.Ұтысханұлы жергілікті «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында болып, «Дін мен Діл» бағдарламасына қатысып, сұқбат берді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.11.2016
3370
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру