ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі және «Ұшқыр жебе» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен облыс имамдарының ІІ алқалы жиыны өткізілді.
«Үлгілі имам – діннің келбеті» тақырыбында өткізілген жиында имам-молдалар үшін маңызды бірнеше мәселелер қозғалды.
Жиынды ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы жүргізді.
Жиынға ҚМДБ-ның жалпы және жастармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі – Алтынбек Ұтысханұлы, ҚМДБ-ның РАНТ мүшесі Ризабек Батталұлы да қатысты.
«Имамның тұлғалық келбеті» тақырыбында баяндама жасаған Алтынбек Ұтысханұлы бүгінгі таңда имамдарға қызмет бабында қойылатын негізгі талаптарға тоқталды.
Имам – діннің келбеті екендігін ұғындырып, өз ісіне жауапкершілікпен қарауды баса түсіндірді.
Ал, Ризабек Батталұлы имамдық қызметтің жауапкершілігіне тоқталды. Халықпен етене еңбек ететін имамдардың әрбір сөзі, әрекеті ел алдында болғандықтан үлгілі болудың маңызды екендігін жеткізді.
Алқалы жиын аясында сондай-ақ, облыстық ішкі саясат басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» директорының орынбасары Мұсаев Маралбек хабарлама жасаса, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұстазы Гаджиев Мұхтар ілімнің маңыздылығы турасында насихат айтты.
Алқалы жиын аясында «Ұшқыр жебе» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен РАНТ мүшесі Ризабек Батталұлы бірнеше қалалық мешіттер мен оқу орындарында болып жастармен кездесу жүргізді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.11.2016
3646
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру