Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Министр Нұрлан Ермекбаев: "Нұр-Мүбарак" университетіне артар үмітіміз мол

21.11.2016 3851 0 пікір

19 қараша күні Қазақстан Республкиасы Дін және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев "Нұр-Мүбарак" университетіне арнайы жұмыс сапарымен келді. Жұмысын университет оқу кешенінің жалпы құрылымымен танысудан бастаған министрге проректор, профессор Шамшәдин Керім мырза ЖОО тарихын қысқаша таныстырып өтті. Толассыз жауған қарға қарамстан министр университеттің оқу-әдістемелік мешіті, жаңа ғимараты, студенттер жатақханасымен танысты.

Н. Ермекбаев әуелі университет басшылығымен кездесіп, оқу орнының барлық жағдайымен, студенттердің жан-жақты оқу мәселелері, ұстаздар құрамымен ғана емес болашақ жоспарлар жайлы да жан-жақты талқылап, артынша магистрант, докторант, ұстаздармен кезедсті.

Ректор, профессор Жуда Басюни жаңадан ашылған министрліктің маңыздылығына тоқталып, ел үшін аса жауапты қызметті арқалаған министр Нұрлан Байұзақұлына сәттілік тіледі. Ал, министр өз кезегінде "Нұр-Мүбарак" университетінің дін мәселелерінде маңызды орны бар екендігіне тоқтала келе, зайырлы бағытты ұстанған еліміздегі жалпы діни ахуалдың, ұстанған бағыттың стратегиялық маңызды тұстарына тоқталды.

- Ең әуелі еліміздегі басқару реформаларындағы өзгерістерге сай, "Нұр-Мүбарак" университеті Қамқорлар Кеңесінің құрамында, Тең төрағалықта өзгерістер болады. Бұл жөнінде біз Египет Араб Республикасындағы әріптестерімізге арнайы хабар береміз. Болашақта университетке бөлінетін мемлекеттік білім гранттарының артуына мүдделілік танытамыз. Сіздер еліміздегі деструктивті діни ағымдармен  күресте білікті мамандар даярлап жатқандарыңызға алғыс білдіреміз. ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі білім тұжырымдамасын да жүзеге асыруда бұл университеттің орны ерекше. Осы университетте жақында ғана ашылған «Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының» жұмысы назарымызда. Біз өз елімізде дәстүрлі ислам негіздерін дамыту арқылы оның қазақстандық моделін қалыптастыруымыз керек. Себебі, елімізде түрлі ұлттар мен ұлыстар, сан түрлі діни-сенім иелері шоғырланғандықтан олардың тату-тәтті өмір сүруін қамтамасыз етуіміз керек. Бұл тұрғыда зайырлы бағытты ұстану басты жолымыз,-деген министр жалпы еліміздегі ахуалға жан-жақты кеңінен тоқталып өтті.

Ел дамуында діндарлар нағыз патриоттылық таныту керектігіне, бұл арада Нұр-Мүбарак университетінің ғалымдары мен түлектеріне сенімін білдіре келе, Ақтөбедеде теріс ағым жетегінде жүргендермен жұмыс жасауда белсенділік танытқан ұстаздарымызға арнайы алғыс білдірді.


dinministr20161

dinministr20162

dinministr20164

dinministr20165

dinministr20166

dinministr20167

dinministr20168

dinministr20169

 dinministr201611

dinministr201612

dinministr201613


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру