Нұр-Мүбарак университеті студенттері арасында футболдан жыл сайын ұйымдастырылатын «Ректор кубогі» биыл да жаңа жеңімпаздарын анықтады. Студенттер арасынан құрылған «Бейбарыс», «Зам-зам» , «Каспий» командалары арасындағы сайыс өте тартысты өтті. Нәтижесінде «Каспий» тобының жігіттері жеңіске жетті.
Ал екінші орынды «Бейбарыс» командасы, «Зәм-зам» командасы үшінші орынды місе тұтты.
Ең үздік ойыншы марапатына Адайбек Айнадин мен Әсет Айдостар ие болса, үздік қақпашы атағын Игілік Әмірбек жеңіп алды. Жеңімпаздарға «Дін және тәрбие» бөлімінің Бас маманы Бауыржан Шайзан сый-сыяпаттармен бірге арнайы диплом және жеңімпаздық алқаларды табыс етті.
Студенттер арасында мықтыларды анықтайтын мұндай бәйгелер салауатты өмірдің нағыз көрсеткіші екені даусыз.
Айша КЕҢЕСБАЙ
«Нұр-Мүбарак» университетінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.11.2016
3384
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру