Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Нұр-Мүбарак» университеті Павлодар облысында екі меморандумға қол қойды

17.11.2016 3397 0 пікір

«Нұр-Мүбарак» университетінің ректоры, профессор Жуда Басюни бастаған делегация  Павлодарда  «Заманауи терроризм. Жаңа сындар және қауіп-қатерлер: теория мен практика» атты II  Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Іссапардағы делегация құрамында университеттің Аппарат басшысы Болатбек Абуов, докторант Еркінбек Шохаевтар бірқатар маңызды шараларға қатысты.   

Конференцияның аты атып тұрғандай бүгінде тек елімізде ғана емес, әлемге қауіп төндіріп тұрған  лаңкестік пен одан туындайтын қоғамдық қауіп-қатерлер жан-жақты талқыланды. Доктор, профессор Жуда Басюни  Ислам дінінің  бейбітшілік пен өркениет діні екенін ғылыми тұрғыда түсіндіріп қана қоймай, «жиһад» ұғымының мән-мағынасы жайлы да жан-жақты тоқталып өтті.


Ал, университет докторанты, белгілі исламтанушы Еркінбек Шохаев «Буквализм –такфиризм идеясына тән сипат» тақырыбында баяндама жасап, бүгінде сыналап кіріп, адамдардың санасын улайтын  ислам атын жамылған радикалды топтардың сипаттары мен зардаптарын ашып айтты.

Сондай-ақ,  іссапар аясында «Нұр-Мүбарак» университетінің делегациясы Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институмын Павлодар облыстық Дін істері басқармасымен өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.


Ислам ғалымымен Павлодардағы ҚМДБ-на қарасты «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің шәкірттері кездесіп, дәрісін тыңдап, көкейлерінде жүрген сан түрлі сауалдарына жауап алды. Бұл кездесу шәкірттерге жаңа үміттерге жол ашқандай. Сонымен қатар  «Павлодар-Қазақстан» телеарнасы арнайы сұхбатқа шақырып, ректор, профессор Жуда Басюни  қазіргі еліміздегі діни ахуалға жан-жақты тоқтала келе, ислами мамандарды даярлаушы «Нұр-Мүбарак» университетінің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен қатар оқу жүйесіндегі мәселелер жөнін де толыққанды айтып  өтті.

Айша КЕҢЕСБАЙ

«Нұр-Мүбарак» университетінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру