
Астана қаласына арнайы іс-сапармен келген РАНТ (Республикалық ақпараттық-насихат тобы) мүшесі Арман Қуанышбаев кеше белгіленген кесте бойынша «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағатымен кездесу өткізді. Елімізге есімі кеңінен жайылған исламтанушы ғалымның уағызына шашамен 2000-ға жуық жамағат жиналып, тағылымды дәріс тыңдап қайтты.
Соңғы күндері Астанада қаласында күрт көтерілген қатты аязға да қарамастан «Әзірет Сұлтан» мешітіне жиналған жамағаттың бұл күні жүректері иман шуағына жылынып, рухани азыққа кенелді. «Жүректің қаттылығы» тақырыбында сөз қозғаған білікті ұстаз өз уағызында қазіргі кездегі мұсылман баласының бойынан жоғалып бара жатқан құнды қасиеттер жайын батыра айтты. Әр ойын әдемі мысал, әдепті оқиғамен әрлеген Арман Қуанышбаев уағыз барысында тек мұсылман сипаттары жайлы ғана емес, басқа да түйткілді тақырыптарды да қозғап өтті.
Кездесу соңында Арман ұстаз жамағаттың көкейінде жүрген кейбір даулы мәселелер жайлы да өз пікірін блідіріп, сұрақтарына жауап қайтарды.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.11.2016
4265
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру