Бүгін өкіл имам Төлеби Оспанның бастамасымен Ақтөбе облысындағы мешіттерден жиналған есепшілерге арналған семинар-тренинг өтті.
Облыстық мешіттің бас есепшісі Маханова Гүлнар есепшілерге құжаттарды толтырудың жаңа үлгілерін көрсетіп үйретті. Құжаттар қатарында Аванс, кіріс-шығыстар, бұйрық, ісқағаздар АКТ толтыру сынды құжаттар таныстырылды. Сондай-ақ, жәшікті мөрлеу, жәшік ашатын комиссияны бекіту керектігін ескерткен өкілдік есепшісі барлық есеп-қисап құжаттарының электронды үлгісінің көшірмесімен қамтамасыз етті.
Аталмыш семинарды өткізу арқылы облысқа қарасты мешіттердің есебін бір ізге түсіру көзделген болатын. Алла үйлерінің қаражатының есебін жүргізетін есепшілер өздерін толғандырған сауалдардың жауабын алды.
"Нұр Ғасыр" облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.11.2016
3549
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру