Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Таухид ілімі – кемел иманға жетелер жол

16.11.2016 5089 0 пікір

Қарашаның 12 күні «Әт-тақуа» мешітінің ұйымдастыруымен «Тәухид ілімі – кемел иманға жетелер жол» тақырыбында айлық отырыс болып өтті. Алыс-жақын жамағаттың басын қосқан жиынды мешіттің бас имамы Өсімхан Тілеуов ашып, кемел иман жолындағы тәухид ілімінің мән-маңызына тоқталып өтті.

Ақ дастархан басында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы Алла тағалаға деген ықылас-ниетті арттырудағы тәухид ілімінің ерекшеліктерін атап көрсетті.

Сондай-ақ, баяндама барысында «тәухид – жәннаттың кілті. Тәухидтің бес тірегі бар. Бірінші тірегі – өтірік пен өсектен арылып, шүкірге толы салауатқа бет бұрған тіл. Екінші тірегі – қызғаншақ, әуесқойлық, қанағатсыз, дүниеқұмарлық, түрлі дұшпандық пен кек сақтаудан арылған жүрек. Үшінші кілті – арам мен шүбәлі тамақтан сақтанып, адал тамақпен қоректенген құрсақ. Төртінші кілті – жасандылық пен мақтаншақтықтан ада, Алла разылығы үшін  жасалған салих амал.

Алла тағаланың назарын салатын жері – көңіл. Оны ешқашан ренжітпеуге тырысуы керек. «Бір хабардың көңіл ренжітетінін білсең, үндеме, басқалар айтсын», – деп Сағди Ширази айтқандай, мейірім дінінің ұстанымдары сай бір-бірімізді ренжітпеу, ақымызға кірмеу – Жаратушы алдындағы парызымыз. Осы ретте Раббымыз Тәухид ілімінің мазмұнына сай өмір сүруді, ақтық демімізде шын мәнімен кәлима айта отырып, жан тапсыруды баршамызға нәсіп еткей», – деді бас имам.

Жиын соңында Батыржан Берденұлы мешіт жамағаты тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, бас қосу еркін пікірге жалғасты.

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру