Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайда жылдық есепке дайындық басталды

16.11.2016 3551 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы хазрет жыл сайын Елбасының алдында жыл бойы атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы кездесу өткізетіні баршаға мәлім. Ал, ол ақпарат барлық өкілдіктердің атқарған шараларының нәтижесі арқылы жинақталады.

Осы мақсатта Қостанай облысы бойынша өкілдігіне қарасты барлық қалалар мен аудандардың бас имамдары бас қосты. Мақсат атқарылған жұмыстардың нәтижесін қорытындылау.

Жалпы алғанда облыс көлемінде көптеген шаралардың атқарылды. Ол туралы бұған дейін барлық бұқаралық ақпарат құралдарында уақытылы көрсетіліп, жазылып халыққа жеткізілді. Сонымен қатар облыстық мешіттің www.akmechet.kz ресми сайтында және facebook, ВКонтакте, Мой мир және Twitter сынды әлеуметтік желілерде де барынша қамтылған болатын.

Ондағы мақсат халықпен және зайырлы қоғаммен тығыз қарым – қатынаста болу.

 

 

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру