
Діндар адам қандай болуы керек? Дінтану саласында қандай зерттеулер жасалуда? Бұл сұрақтар дін мамандарының, теологтардың, тарихшылар мен мәдениеттанушылардың қатысуымен өткен республикалық конференция барысында талқыланды. Ғылыми шараны ұйымдастыруға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен «Руханият» музейі мұрындық болған. Конференцияның басты мақсаты — жастарды діни сауаттандыру мәселесінде тәжірибе алмасу және қоғамда діни тұрақтылықты сақтауға үлес қосу. Ғалымдардың баяндамаларын тыңдауға мектеп мұғалімдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары шақырылды. Тақырып талқылауға сұранып тұрғандықтан, бұл кездесу пікірталас түрінде өтті.
![]()
Дәстүрлі дін өкілдерінің қатарында ҚМДБ-ның Ақтөбе өңірі бойынша өкіл имамы Төлеби Оспан «Ақидамыз анық, мұсылманшылығы мығым елміз!» атты тақырыпта баяндама жасады. Баяндама барысында әсіре діншілдікке берілмей ислам дінінде орташылдықты ұстану мәселесі, дін мен дәстүрдің сабақтастығына тоқталды. Одан бөлек оқытушылар да өз пікірлерін айтып, Қазақстанда құрылған дінтанушылар конгресінің жұмысынан хабардар болды.
Дінтанушылар конгресі қоғамға әсер ететіндей жұмыстар атқаруда. Біз еліміздің батыс өңіріндегі діни ахуалды зерттеп жатырмыз. Себеп-салдарын анықтау, алдын алу жұмыстарына ғылыми тұрғыда қарауға тырысып жатырмыз. Және біздің еңбектеріміз қоғамға, ұрпақ тәрбиесіне оң әсер етеді деген ойдамыз, — дейді философия ғылымдарының кандидаты, Л.Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің профессоры Айдар Абуов.
aktobenews.kz
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.11.2016
3458
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру