
«Иманғали» орталық мешітінде ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі, исламтанушы Ақбөпе Тілегенова әйел жамағатымен кездесті. Атырау облысы бойынша ҚМДБ жастар ісі бөлімі «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен өткен басқосу «Отбасындағы әйелдің рөлі» тақырыбына арналды.
Білікті исламтанушы А.Тілегенова Ислам тарихындағы, қоғам өміріндегі әйел жамағатының орнына тоқтала келе, «әйел – жанұя жылуы, әйел – адамдық негізін қалаушы жан. Демек, әйел адам балаға үлгі болып, тәрбие беру арқылы тұлға қалыптастырады. Яғни, әйел адамның бойындағы барша жақсы, жаман мінез бала бойына сіңеді. Сондықтан да оның сабырлы, тақуа болуы аса маңызды. Өйткені, «балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Бұл ретте мейірім мен кешірім діні Ислам дінінің көмекке келер жері көп. Себебі, ата дініміз бойыша отбасындағы отағасы мен отанасының арнайы міндеттері бар, тіптен бала – ата-анаға аманат ретінде берілетін нығмет. Олай болса, өнегелі тәрбие беру – баршамызға ортақ, Алланың құзырындағы парызымыз», – деді.
.jpg)
Сондай-ақ, жиын барысында республикалық қажылары қауымдастығы Атырау филиалының төраға орынбасары Жұмагүл Насиқызы, Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының мүшесі Айсұлу Қайырқызы сөз алып, қазіргі қазақ қоғамындағы әйелдің орнына тоқталды.
Шара соңында бас имам Б.Берденұлының «Сабыр жұмаққа жетелейді» атты кітабы жамағатқа тегін таратылып, еркін пікір алмасылды.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.11.2016
4458
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру