2016 жылдың үлкен мерейтойы - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні белгілі. Ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек ғасырлық мерейтойына алғашқы іс-шараны бастады.
Ақтөбе облыстық «Руханият» мұражайында өткен семинарға «Нұр Ғасыр» мешітінің әйелдер сауат ашу курсының шәкірттері және әйел жамағаты қатысты.
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа» деген елбасымыздың сөзін ұран қылған ұстаздар мен шәкірттер мәжіліс залда баяндамаларын оқып, еліміздің осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерін айтып, ҚР мемлекеттік рәміздерін насихаттады. Одан өзге халқымыздың салт-дәстүрін, рухани нақыштарын көрсетті. Отырыс соңында шәкірттерге сыйлық кітапшалары таратылды.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.11.2016
3371
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру