Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе өңірі бойынша өкілдік «Skype» дәрістерін бастады

14.11.2016 3369 0 пікір

ҚМДБ-ның Ақтөбе өңірі бойынша өкілдігі аудандарға «Skype» арқылы дәрістерді бастады. Ғаламтор арқылы өтетін осындай дәрістер барысында имамдарға Ақида, Фиқһ сабақтары, «Имам Ағзам Әбу Ханифа» мәзһабын кеңінен насихаттап, асыл дініміздің беделі туралы дәрістер оқылатын болады. Алғашқы дәрістерді «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің наиб имамдары Нұрлыбек Шакизада және Темірханов Асылхан Ханафи мәзһабының ең танымал ғалымы ал-Маусили ал-Ханафидің «Ихтияр» атты кітабынан бастап кетті.

Имамдардың біліктілігі мен білімі жетіле түссе, жамағатымыздың саны артып, елмізге жат пиғылды ағымдардың жетегінде жүргендер санының төмендеуіне өз септігін тигізері сөзсіз. Дәстүрлі дінімізді, шариғатты ұстанып, соған орай амал етіп, ел бірлігі мен ынтымағын, достығы мен ұйымшылдығын сақтап, оны одан әрі күшейе түсуіне бір адамдай атсалысу қажет.

«Skype» дәрістері 12 ауданда өтетін болады. Солардың қатарында Хромтау, Қобда, Байғанин, Мұғалжар, Алға, Ырғыз, Шалқар, Әйтеке, Темір, Ойыл, Мәртөк, Қарғалы аудандары бар.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық

мешітінің бапасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру