Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ сектор меңгерушісі іссапармен Атырауға барды

11.11.2016 4121 0 пікір

ҚМДБ-ның «Әйелдер-қыздар» секторының меңгерушісі, белгілі исламтанушы Тілегенова Ақбөпе Қанатқызы Атырау облысы әкімдігінің арнайы шақыртуымен еліміздің мұнайлы өлкесіне іссапармен барды. Қараша айының 10-шы жұлдызы күні Атырау облысының Дін істері басқармасы, Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар: жаһандану жағдайындағы дәстүрлі отбасы» ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға қатысқан А.Қанатқызы «Жаһандану үдерісінде дәстүрлі отбасын сақтауда әйелдердің рөлі» тақырыбында көлемді баяндама оқыды.

Сонымен бірге, түстен кейін қаладағы әйелдерді түзету мекемесінде бас бостандығынан айырылған қыз-келіншектермен кездесіп, дәстүрлі діни бағыт тақырыптарында дәріс оқыды. Кеш батқанда Қазақстан-Атырау телеарнасынның «Иман нұры» бағдарламасында «Ұлттық құндылықтар, дәстүрлі отбасы және қазіргі қоғам» тақырыбында тікелей эфирде сұхбат берді. Қарашаның 11-ші жұлдызында Атырау облысының «Иманғали» орталық мешітінде «Отбасындағы әйелдің рөлі» тақырыбында әйел жамағатына арнап мәнді де мағыналы уағыз айтты. Осымен қатар, 11-ші қарашаның күн тәртібінде облыстың ДІБ Ақпараттық-талдау орталығында да деструктивті ағымдардың жетегіне іліккен әйелдермен де бірқатар кездесулер жоспарланған.

 

ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру