
ҚМДБ Жастар ісі бөлімінің Алматы қаласындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Ұлттық экономикалық университетінде елімізге танымал өнер қайраткері Сәкен Майғазиевтің «Отбасы жарасымы» тақырыбында студенттермен кездесуі болып өтті.
Аталмыш кездесуге «Таугүл-3» мешітінің бас имамы Нұржан Таласұлы мен Дін істер басқармасының сараптау бөлімінің өкілі қатысты. Кездесу барысында студенттер дін мамандарына көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өнер қайраткері Сәкен Майғазиевпен отбасылық құндылықтар жайлы сұхбаттасты.
Шара соңында университет басшылығы студенттерді елімізге танымал тұлғалармен, дін мамандарымен түрлі кездесулер ұйымдастырып, сұхбаттасуға қолайлы жағдай қалыптастырып жүрген Алматы қаласының имамдарына алғысын білдірді.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.11.2016
4229
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру