Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Нұр-Мүбарак» университеті бірнеше спорттық сайыстарда жеңімпаз атанды

10.11.2016 4653 0 пікір

«Нұр-Мүбарак» университетінің студенттері салауатты өмір салтын  ұстануды насихаттап қана қоймай, өздерінің жан-жақтылығымен топ жарып келеді. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне орай  «ALMATY YOUTH AWARDS»  жобасымен ЖОО студенттері арасында Ұлттық спорт түрлерінен қалалық жарыс өтті. Қазақ спорт және туризм академиясында өткен сайыс бағдарламасы бойынша қазақ күресі, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, асық ату, қол күрестен  Алматы қаласындағы 20 университет студенттері сынға түсті.


Жалпы командалық есеппен Нұр-Мүбарак университеті 3-ші орынға ие болды.

Ал, осыған дейін жыл басында басталған Алматы қаласы бойынша  «Спорттық Алматы»  спартакиадасында  «Нұр-Мүбарак»  университетінің студенттері оза шапқан болатын. Үстел теннисінен университетіміздің 3 курс студенті Арман Нуранов Алматы қаласы бойынша бірінші орынды  иеленіп, алтыннан алқа тақса, Нұрболат Құмырбек тоғызқұмалақ жарысынан,  ал Мақсат Өтепханов классикалық шахматтан жүлделі 3-орынды иеленді.


Сондай-ақ, Нұр-Мүбарак университеті Алматы қаласындағы 40-қа жуық жоғары оқу орындары арасында өткен Спартакиадада шағын футболдан жүлделі екінші орынды иеленді. Бұл сайыс еліміздің  Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған ауқымды жоба болатын.

Біздің жеңімпаз жастарға жетекшілік еткен университетіміздің Жалпыгуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары спорт шебері Алтынай Балтина мен аға оқытушы Айдар Иманбаевтар. Бұл «Нұр-Мүбарак» университетіндегі имандылықпен қатар ел дамуына жан-жақты белсенді түрде атсалысушы жастардың тәрбиеленіп жатқанын айғақтайды.

Жеңіс құтты болсын, жеңімпаз студенттер!

Айша КЕҢЕСБАЙ

«Нұр-Мүбарак» университетінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру