Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте шағын футболдан турнир өтті

10.11.2016 3391 0 пікір

Шымкент қаласына қарасты мешіт имамдары арасында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай шағын футболдан турнир өтті.

Аталмыш турнирге 5 команда қатысты. Олар:  «Абай», «Еңбекші» «Қаратау», «Әл-Фараби» және «Шымкент медресесі» командалары ойын көрсетті.

Турнирде ҚМДБ-ның  ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы  Керімбек арнайы сөз алып, барша командаларға сәттілік тіледі.

Жарысқа қатысқан командалар арасында Шымент  қаласы, Еңбекші ауданының «Еңбекші»  командасы  топ  жарып,  1-орынға ие болды. 2-орынға «Шымкент медресе-колледжінің» ұстаздары ие болса, 3-орынды Абай ауданының «Абай» командасы  иемденді. Турнир соңында жеңімпаз командаларға сыйлық табысталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.

Жеңісті күндеріміз мол болғай.

 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру