Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам түзету колониясында уағыз айтты

09.11.2016 3464 0 пікір

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Исенов Нариман және  облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Байдуллаев Данияр Павлодар қаласы маңында орналасқан АП162/3 түзету колониясына барып жазасын өтеушілермен кездесіп уағыз айтты. Бұл кездесуге 40-қа жуық жазасын өтеушілер қатысып, жоспарлы сабақ әңгімелесу, сұрақ-жауап, тақырыптарды талқылау түрінде өткізді.  

Оларға «Шынайы мұсылманның сипаты» тақырыбында кең көлемде уағыз айтқан өкіл имам Нариман Ермекұлы бүгінде бүкіл әлемде діни ахуалдың өзекті екенін, адамдардың өзіне, өз сеніміне деген қырағылықты күшейту заман талабына айналғанын айтып, салафизм жайлы, олардың  салт-дәстүрден жирену, ата-анадан бас тартудан басталатын негізгі белгілері туралы кеңінен түсіндірді.

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру