
Қарағанды облыстық орталық мешіті Жастар ісі бөлімінің ұйытқы болуымен бір топ қарағандылық қайырымды кәсіпкелер қатары әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы жанұяларға жәрдем беріп, қақаған қыстың ызғарында отынсыз отырған 45 отбасыға жалпы мөлшері 105 тоннадай көмір апарып берді.
«АСАР» қоғамдық бірлестігімен Қарағанды өңірі кәсіпкерлерінің жұмыла көтерген қайырымды ісі көпке үлгі болатындай-ақ. Қарағанды маңындағы Теміртау, Саран, Пришахтинск және Федоровка секілді қалаларда тұратын отбасылар да қайырымды жандардың көмегінен құр қалмады. Қайырымды жандардың бастамасына риза болған отбасылар ақ батасын беріп, алғыстарын білдірді. 150-дей кәсіпкер атсалысқан бұл игі шара әлі де болса жалғасын таппақ.
Қарағанды облыстық орталық мештінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.11.2016
3504
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру