Осыған дейін Ақтөбе облыстық орталық "Нұр-Ғасыр" мешіті жанынан «Рақым нұры» еріктілер тобы құрылғанын айтқан болатынбыз. Жастар ісі бөлімімен біріге жасаған акция аясында 42500 теңге көлемінде қаражат жиналды.
Түскен қаражатты Өкіл имам Т.Оспан мешітке ақшалай көмек сұрап өтінішін білдірген 2003 жылдан бері екі көзінің көру қабілетінен айырылған Құттығалиұлы Сағат есімді азаматтың қолына табыстап, батасын алды. Алла Тағала арамызда жүрген дерті бар, мүмкіндігі шектеулі бауырларымызға шипасын берсін. Қайырымдылық жасаушылардың істеріне береке беріп, сауаптан жазсын.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.11.2016
3382
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру