Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАТТ тобының мүшесі мешітте уағыз айтты (фото)

08.11.2016 4744 0 пікір

Өткен аптада Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы (РАТТ) мүшелері Атырауға келіп, аудан және қалада түсіндірме және уағыз-насихат жұмыстарын жүргізген болатын.

Өңірге жасаған сапар барысында Дін істері комитетінің Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының бас сарапшысы, топ жетекшісі Қабылов Нұрғали және Павлодар қаласындағы «Ақ Мешіт» мешітінің бас имамы Бердімұратов Жолдас «Иманғали» орталық мешітіне ат басын бұрып, жергілікті мешіт жамағатымен кездесті.

Ақшам намазынан кейін білікті дін маманы Ж.Бердімұратов "Асыл дінімізде нығмет деген не, оған шүкіршілік етудің артықшылығы қандай?" деген тақырыпта сөз қозғап, тұщымды уағыз-насихат жасады. Мұнан соң жамағат қазіргі күндегі дін мәселесіне қатысты өзекті сауалдарын қойды. Дін маманы жамағаттың сауалдарына жауап беріп, өзекті деген діни мәселелерді жан-жақты түсіндіріп өтті.

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру