
Қоғамымыздағы адамдардың өмір сүру салтын, жүріс-тұрысын түзетіп, кемеліне жеткізу үшін Алла Тағала бізге Ислам діні нығметін сыйлады. Дініміз кеңінен жайылу үшін мешіттегі дін қызметінде жүргендер ғана үлесін қосып қоймай, барлығымыз бір жұдырық болып ат салысуымыз міндет екені айдан анық. Кез-келген мекеме, кәсіпорын, мектеп және т.б. қоғамдық жұмыс орындардың барлығының да қызметкерлері өзінің ата дінінен аз да болса мағлұмат алып, жұмыстан тыс ғылыммен айналысуды әдетке айналдыруы тиіс.
Бүгін Ақтөбе қаласының халқын су қайнар көзімен қамтамасыз етіп отырған АҚ Ақбұлақ кәсіподақ ұйымы мекемесінің ғимаратында мешіт қызметкері тарапынан сұхбат ұйымдастырылды.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Досаналиев Мұрат мекеме қызметкерлерімен кездесуде қоғамда болып жатқан мәселелерді кеңінен талқылады. Бүгінгі таңда еліміздегі қызу талқыланып жатқан мәселелердің бірі - теріс ағымның алдын алу. Наиб имам Елбасының «Өзге ағымдармен күресеміз деп жүріп Ата дінімізбен күресіп кетпейік» деген сөзін негізге ала отырып алдымен ақ пен қараны ажыратып алуды жөн көрді. Ата-анаға өскелең ұрпақтарын дұрыс тәрбиелеудің жолын нұсқаған Д.Мұрат баламызға намаз оқуды тыйым салуымыз оны теріс ағымға жығып беруіміздің алғышарты болып табылатынын айтты. Сонымен қатар, теріс ағымдағылардың сипаттарын, түрлерін, оларды қалай ажырату керектігін баяндады. Қызметкерлер өздерін мазалаған сауалдарды қойып, сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптарды тыңдады.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.11.2016
3587
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру