Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫ: Жүректерге жылу сыйлаған қайырымдылық

07.11.2016 4040 0 пікір

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының негізгі бағыттарының бірі қайрымдылық шаралары. Аталмыш бағытта еліміздің жер жерінде Діни басқармаға қарасты мешіт имамдары түрлі деңгейде қайырымдылық шараларын ұйымдастырып келеді.

Игі шара ауқымды көлемде Алматы шаһарында қаламыздың Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбеттің бастамасымен өз жалғасын тауып келеді. Күз мезгілінің соңында Алматы Орталық мешітінің бастамасымен «БІЗ ЖҮРЕКТЕРДІ ЖЫЛЫТАМЫЗ» атты науқан басталған болатын, шараның негізгі мақсаты әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмір үлестіріп, көмектесу болатын. Игі шара аясында 25 отбасы қамтылып, әр отбасына 3 тонна көмірден берілді. Қазіргі күнге дейін 75 тонна көмір қайрымдылыққа жұмсалған болса, алдағы күндері де бұл науқан өз жалғасын табатын болады.

Пайғамбарымыз (ﷺ) өз сөздерінің бірінде «Мұсылмандар бір дене тәрізді, бір жері ауырса, басқа мүшелірінің де мазасы кетіп, ұйқысы қашады», – деген.

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру