
Бүгін, қасиетті жұма күні «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Өзгеге өмір сыйла!» атты донорлық акция болып өтті. Мешіт ашылғалы бері Елордамыздағы Республикалық Қан орталығымен бірлесе өткізіліп келе жатқан игі шара әдеттегідей таңертеңгісін басталып, жұма намазына дейін жалғасты.
Мешіт жамағаты мен қызметкерлері арасынан қасиетті күні қан тапсырып, сауапқа кенелгісі келгендердің ұзын-саны 50 адамға жетті. Дегенмен, дәрігер тексеруінен соң тек 40 адамның қаны жарамды деп табылды. Осылайша, бүгінгі игі шара аясында 16 л 200 мг қан жиналды.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.11.2016
3533
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру