Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Зағип жандарға жасалған жақсылық

09.08.2014 3100 0 пікір

 

Осыдан екі ай алдын Семей шаһарындағы бір мұнаралы «Тас» мешітінде Брайл жүйесімен Құран оқу сабақтары басталған болатын. Бүгін сол игі шара өз мәресіне жетіп, Қасиетті жұма күні  Құран әліппесін бітіруіне  байланысты көру мүмкіндігі шектеулі зағип жандарға сертификат табыс етілді.

Бұл дәрістер Малайзия мемлекетінде діни тәлімін жалғастырып жатқан Семейлік Асқар Барлыбайұлының бастамасынмен жүзеге асты. Сертификаттарды табыстау рәсімінде сөз алған Бір мұнаралы Тас мешітінің имамы Нұрбек Нәдірұлы: «Бабаларымыз «көзі соқырдан көкірегі соқыр жаман» деп бекер айтпаған, көздері көре тұра Құранды оқымағандар үшін бұл үлкен ғибрат алатын іс. Осы алған білімдеріңді толықтырып, өздерің сияқты зағип жандарға да осы Құранды үйренуді Алла нәсіп етсін!- деді.

Екі ай бойы Құраннан тәлім алған зағиптар Құранның жүзінен оқуына қол жеткізіп рухани байлықтарын жетілдіруіне  себепкер болған жандарға алғысын білдіріп, игі іс шараларға септігі тиген адамдарға жүрек жарды тілектерін айтып баталарын берді.

 

Семей орталық мешітінің

баспасөз қызметі.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру