Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дін турасында шәкірттердің түсінігі қандай?

15.04.2014 3369 0 пікір

Жастарымыз дәстүрлі емес өзге ағым жетегінде шырмалып кетпес үшін, Сыр өңірінде қазіргі таңда айтулы бірнеше шаралар жасалып келеді. Соның бірі қалалық білім бөлімі және дін істер басқармасының қолдауымен ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен 11 сыныптар арасында ауқымды кездесу өтті.

Бұл кездесу Абай ауылы №138 қазақ орта мектебінде 3 ауылдың барлық мектеп бітіруші түлектері және мұғалімдерінің қатысуымен, дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану турасында Өкіл имамнан уағыз тыңдады.

Оқушылыр Өкіл имамның «Сіздердің дін турасында түсініктеріңіз қандай?» – деген сұрағына көптеген жауаптар берді. Солардың бірнешеуіне тоқталсақ:

- Дін әрбір адамның ұстанатын бағыты.

- Дін адамдар мен Алланың арасындағы байланыс.

- Дін әрбір адамның қалауы.

- Дін әркімнің өз қалауымен дүниеде және ахиретте нағыз бақытқа жеткізетін иләһи жүйе.

Осылайша бітіруші түлектер Бас имамның сұрағына тұщымды жауаптар беріп, көкейлеріндегі сансыз сұрақтарға жауап алды.

Осы жиында «Сырдария-Руханият» орталығының теолог маманы Қанат Мырзабековте оқушыларға діни экстремизмнен сақтану керек екенін айтты.

Кездесу барысында оқушыларға Бас мүфтидің бастамасымен жарыққа шыққан «Дін мен Діл» кітабы таныстырылып, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті турасында да айтылып, оқуға шақырды.

Бұл кездесу тек бастамасы. Алдағы уақытта қаламыздағы басқада мектеп бітіруші түлектеріне кездесулер жүйелі түрде өткізіліп тұрады.

 ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру