Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ҚОСТАНАЙДА «ТАЙҚАЗАН» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 14.10.2026 302 0 пікір
БАС МҮФТИ ҚОСТАНАЙДА «ТАЙҚАЗАН» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына жұмыс сапары аясында «Тайқазан» қайырымдылық акциясына қатысты.

Акция барысында көмекке мұқтаж 100 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Бас мүфти жиналған жұртшылыққа ізгі тілегін жеткізіп, Ислам дініндегі қайырымдылық пен өзара қамқорлықтың маңызына тоқталды. Сондай-ақ мұқтаж жандарға қолдау көрсету, жақсылық жасау және қоғамдағы бауырмалдық байланысты сақтау туралы насихат айтты.

Іс-шара соңында Наурызбай қажы Тағанұлы қайырымдылыққа атсалысқан азаматтарға алғыс білдіріп, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасады.











Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру