Қостанай облысында ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай өткен «Дәстүрлі ислам және «Мұсылманшылықтың тұтқасы» кітабының маңызы мен тағылымы» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция аясында «Шараитул-ислам – Мұсылманшылықтың тұтқасы» кітабының тұсауы кесілді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу институтының «Рухани мұра» жобасы аясында әзірленген еңбек «Мүфтият» баспасынан жарық көрді.
Кітаптың тұсауын Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Қазақстанның Құрметті жазушысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Серікбай Оспанов кесті.
«Шараитул-ислам – Мұсылманшылықтың тұтқасы» – Ыбырай Алтынсариннің діни-ағартушылық мұрасы. Еңбекте ислам дінінің негізгі қағидалары, мұсылмандық міндеттер, имандылық, адамгершілік және көркем мінез мәселелері қамтылған.
Аталмыш еңбек ағартушының рухани мұрасын насихаттауға, дәстүрлі ислам құндылықтарын дәріптеуге және жас ұрпақтың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
14.10.2026
462
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру