Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Заря Востока» мешіті (Суреттер)

«Заря Востока» мешіті

«Заря Востока»  мешіті Алматы қаласы, Алатау ауданы, Заря Востока ықшам ауданы, Масанчи көшесі 90/1 мекен жайында орналасқан. Мешіт 2010 жылы тұрғызылды.

Мешіттің территориясы 2294 ш.м құрайды, жалпы көлемі 1864 ш.м құрайды. Онда бір мезетте 700 адам намаз оқи алады. Мешіттің бес күмбезі бар. Күмбездің екеуі үлкен, үшеуі кішкентай. Мешіттің биіктігі 10 метр.

Мешітте бес уақыт намазға арналған залмен, жұма мен айт намазына арналған үлкен зал бар. Сонымен қатар мешітте ерлер мен әйелдерге арналған сынып бар.

Мешітте ерлер мен әйелдерге арналған дәретхана бар және мешіт жанында Рамазан айында ауызашар жасалатын бастырма (навес) бар. Мешітің жалпы сыйымдылығы 2500- 3000 адам.

Мешіттің бас имамы Жамалов Салер.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Алатау ауданы, Заря Востока ықшам ауданы, Масанчи көшесі 90/1, электронды адрес:  meshit_08@ mail.ru

Осы облыстағы мешіттер