«Әли-Мұхаммед» мешіті
«Әли-Мұхаммед» мешіті Алматы қаласы Жетісу ауданы, Айнабұлақ ықшам ауданы, Омаров көшесі 13, «б» мекен-жайында орналасқан. Мешіт 15.08.1997 жылы ресми ашылды.
Мешіттің территориясы 442,7 шаршы/метр, жалпы көлемі 0,8752 га құрайды. Онда бір мезетте 700 адам намаз оқи алады. Мешіттің биіктігі: 15 метр. Екінші қабатта әйелдерге арналған жеке намаз оқитын бөлме және мешіт ауласында дәретханасы бар. Мешіттің бір мұнарасы мен 4 күмбезі бар, ол күмбездердің біреуі үлкен, қалған төртеуі кіші.
Мешіт жанында бой көтерген 1 оқу медресесі, 2 ерлерге және әйелдерге арналған дәретхана, 2 имамдарға арналған бөлме, 2014 ж- 2015 жж салынған: 1 мұражай, 1 спорт орталығы, 1 спорт футбол алаңы, 1 спорт волейбол және баскетбол алаңдары орналасқан. Мешіт Бас имамы- Аюпов Сәдіржан Яқупжанович.
Мекен-жайы: Алматы қаласы Жетісу ауданы, Айнабұлақ ықшам ауданы, Омаров көшесі 13, «б»
Эл. мекен-жай: meshit_23@mail.ru