Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әл-Азим» мешіті (Суреттер)

«Әл-Азим» мешіті

«Әл-Азим» мешіті Алматы қаласы Алатау ауданы, Боралдай кенті, Азат көшесі, 20, а мекен-жайында орналасқан. Мешіт 2013 жылдың 8 шілдесінде ресми ашылды.

Мешіттің территориясы 0,5000 га құрайды, жалпы көлемі 799,5 ш.м құрайды. Онда бір мезетте 800 адам намаз оқи алады. Әйелдерге де арналған жеке намаз оқитын бөлме және дәретханасы бар. Мешіт мұнарасы мен бес күмбезі бар. Күмбездердің біреуі үлкен, ал төртеуі кіші. Мешіттің биіктігі 7,40 метр.

Мешіт жер төлесінде намаз оқуға арналған зал және ерлер мен әйелдерге арналған дәретханалары бар.

Мешіт бас имамы Жүсіпов Ғазиз Қалкөзұлы.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Азат көшесі 20, а, электронды адрес: meshit_33@mail.ru

Осы облыстағы мешіттер