Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Сұлтан қорған» мешіті (Суреттер)

«Сұлтан қорған» мешіті

Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Ілияс Жансүгіров көшесі 394-үйде орналасқан. Мешіт 1996 жылы ашылған.

Мешіттің жер көлемі 680,255 шаршы метрді құрайды, мешіт ғимаратының жалпы алаңы 354,3 шаршы метрді құрайды. Мешітте намаз оқуға арналған бір үлкен (сиымдылығы 300 адам) және бір шағын (сиымдылығы 200 адам) бөлмелері сонымен бірге бас имамның бөлмесі мен құран оқу бөлмесі бар. Мешіт жертөлесіне дәрісхана, әйелдер намазханасы мен қосалқы бөлмелер орналасқан.Мешіттің 4 (төрт) мұнарасы, 3( үш) күмбезі бар , күмбездерінің біреуі үлкен, екеуі кішкентай. Мешіт қабырғасы кірпіштен қаланған, биіктігі 9 метр. Мешіттің жанындағы қосалғы ғимаратта ерлер дәретханасы (4 кабина әжетхана, 13 шүмек), әйелдер дәретханасы (1 кабина әжетхана, 1 шүмек, 1 ғұсылхана) орналасқан. Мешіт аумағына 2013 жылы шатыр (навес) салынған. Жұма күндері бұл жерде 500 намазхан емін-еркін намаз оқыса, рамазан айының әр кешінде 150-200 адамға ауызашар беріледі. Мешіттің намаз оқу бөлмелері еден астынан жылытылады, ал қалған бөлмелері қабырға радиаторлары арқылы жылытылады. Мешіт орталық газ, су, кәріз, электр жүйелеріне жалғанған.Мешітте мал соятын орын (қасапхана) қарастырылмаған. Жалпы барлығын қоса есептегенде мешіттің сиымдылығы 1,000 (бір мың) адамға жетіп отыр.

Мешіттің бас имамы: Сансызбаев Қанат Серікбайұлы.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, І. Жансүгіров көшесі 394-үй.

Байланыс телефоны: 8 (727) 384 65 01

Электронды мекен-жайы:  meshit_22@mail.ru

Осы облыстағы мешіттер