Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әл-Мәдина» мешіті (Суреттер)

«Әл-Мәдина» мешіті

Алматы  қаласы Жетісу ауданы, Фёдоров көшесі, 12 мекен-жайында орналасқан.  Мешіт 2013 жылдың 17 мамырда ресми ашылды.

Мешіттің территориясы 4170  ш.м. құрайды, жалпы көлемі 3000, ш.м. құрайды. Онда  бір мезетте 2400 адам намаз оқи алады. Әйелдерге де арналған жеке намаз оқитын бөлме бар. Мешіттің бір үлкен  күмбезі бар. Мешіттің биіктігі 17 метр.Күмбезімен қосқанда 22 метр.

Мешіт жер төлесінде әйелдерге арналған бөлме, құран оқитын бөлме және қойма мен мешіттің жылу жүйесі қазаны орналасқан.Екінші,үшінші қабаттары ер кісілер намаз оқитын орын болып есептеледі.Мешіттің ерлер мен әйелдерге арналған дәретханалары бар. Дәретханада бір мезетте 30 ер, 20 әйел дәрет алуға мүмкіндік бар. Мешіт ғимаратынан бөлек.

Мешіт жанында бой көтерген қасапхана бар. Онда бір мезетте 10 мал сойатын мүмкіндігі қарастырылған. Мешіттің бас имамы Көптілеуов Бақытжан Жаңбырбайевич. 

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Фёдоров көшесі 12 Электронды адрес: meshit_31@mai.ru

Осы облыстағы мешіттер