«Қалқаман-2» мешіті
Алматы қаласы Наурызбай ауданы, Қалқаман-2 шағын ауданы, Аспандияров көшесі, 84 мекен-жайында орналасқан. Мешіт 2010 жылдың 26 мамырында ресми ашылды.
Мешіттің территориясы 024 га құрайды, жалпы көлемі 761 ш.м. құрайды. Онда бір мезетте 1000 адам намаз оқи алады. Әйелдерге де арналған жеке намаз оқитын бөлме және дәретханасы бар. Мешіттің екі мұнарасы мен бір күмбезі бар Мешіттің биіктігі 29 метр.
Мешіт жер төлесінде намаз оқуға арналған екі зал бар.
Мешіттің алдыңғы жағында жұма және айт намазында намаз оқуға арналған арнайы 300 ш.м алаң бар. Сонымен мешіттің жалпы сиымдылығы ашық алаңды қосқанда қазір 1500 орынға жетіп отыр. Мешіт бас имамы Мейрман Сатархул Сатиұлы.
Мекен-жайы: Алматы қаласы Наурызбай ауданы, Қалқаман-2 шағын ауданы, Аспандияров көшесі, 84 . Электронды адрес: meshit_12@mail.ru
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019






+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3