Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Музаммил» мешіті (Суреттер)

«Музаммил» мешіті

Алматы қаласы, Әуезов ауданы, «Достық» ықшамауданы Яссауи көшесі 70 мекенжайында орналасқан. Мешіт 1994 жылы 15-наурызда қолданысқа берілген.

Мешіттің жалпы жер көлемі 0,2602,  құрылыс алаңы  2822 шаршы метр. Мешіттің жалпы көлемі  870 шаршы метр.  Бір қабатты, жертөлесі және қосымша зал қосылғанда, жалпы 750 адам сыяды. 2012 жылы мешіт алдынан жалпы көлемі 412 шаршы метрлік ғимарат салынып, оған қуран оқитын бөлме, әйелдер намазханасы, дәріс өтетін сынып, кітапхана, ұстаздар бөлмесі, балалар жатақханаларын өз ішіне қамтыды. Ол ғимараттың екі бұрышында биіктігі 25 метрлік мұнара салынған,. Мешіттің екі мұнарасы (кішкентай) мен бір күмбезі бар.

Осы облыстағы мешіттер