Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ақсай» мешіті (Суреттер)

«Ақсай» мешіті

«Ақсай» мешіті 1996 жылы «Абу-Даби» қоғамдық қорының демеушілігімен салынып, қолданысқа берілген. Мешіттің мекенжайы: Алматы қаласы Әуезов ауданы Ақсай-5 ықшамауданы, 6А үй.

Мешіттің жалпы жер көлемі 0,0424 га. Мешітте екі ерлер және бір әйелдер залы бар. Мешітте бір мезетте 900 адам намаз оқи алады. Мешіттің екі күмбезі және екі шағын мұнарасы бар. Мешіттің ішіне 600 адам сыйса, ал сыртқы шатыр астындағы алаңына шамамен 300 адам сыяды.

Мешітте ыстық сумен және орталық жылу жүйесімен қамтылған дәретхана жұмыс істейді. Дәретханада 8 әжетхана 14 қол жуғыш кран бар. Мешіт іші орталық жылу жүйесімен жылиды. Мешіт аумағында имамдарға арналған жұмыс бөлмелері бар қосымша құрылыс орналасқан.

Осы облыстағы мешіттер