Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Райымбек батыр» мешіті (Суреттер)

«Райымбек батыр» мешіті

Алматы  қаласы Медеу ауданы, «Думан» ықшам ауданы, Хан Тәңірі көшесі, № 1 мекен-жайында орналасқан.  Мешіт 2004 жылда ресми ашылды.

«Райымбек батыр» мешіті Алматы қаласының шығысында, Талғар күре жолында орналасқан. Мешіттің территориясы 2446 ш.м. құрайды, ал ғымараттардың жалпы көлемі 750 ш.м. құрайды. Онда  бір мезетте 850 адам намаз оқи алады. Әйелдерге де арналған жеке намаз оқитын бөлме және дәретханасы бар. Мешіттің бір мұнарасы мен екі күмбезі бар. Күмбездердің біреуі үлкен, біреуі кіші. Мешіт ауласында шырша және жеміс ағашатрынан тұратын бақша бар.

«Райымбек батыр» мешітінде қарилар курсы (15-20 шәкірт) жұмыс істеп түр.  .

Мешіт жанында бой көтерген 500 орындық қосымша намазхана бөлмесі 2010 жылы салынды. Сонымен мешіттің жалпы сиымдылығы қазір 850 орынға жетіп отыр. Мешіт бас имамының міндетін уақытша атқарушы Аманбеков Тохтарбай Уразгалыевич. 

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, «Думан» ықшам ауданы, Хан Тәңірі көшесі, 1. Электронды адрес: meshit_27@mail.ru

Осы облыстағы мешіттер