Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Біз білмеген бес дерек. Еуропадағы Ислам.

Әйгерім Есқожаева www.muftyat.kz 04.12.2017 5406 0 пікір

 

Әлеуметтік желіде «The Wandering Musulman» (Жиһангез мұсылман) деген лақап атпен танымал Тариқ Хуссейн (Tharik Hussain) біз білмеген бес дерек жайлы сөз еткен. Ол кісі Еуропадаға Исламның сырларын ашып, зерттеуді қолға алған соң Еуропа мен  мұсылман әлемінің өзара мәдени байланысы болғанына көз жеткізген екен.

Бұл жерде оқырмандарды Еуропадағы Исламның бес түрлі құпиясымен таныстырмақпыз. Бұл құпиялардің бірі езу тарттырса, бірі таңдай қақтырары сөзсіз.

5. Континентті таңғы ас

«XVI және XVII ғасырлары Австрия астанасы Венада екі осман қаласының қоршалуы жайлы көп естіген болатынмын. Мұндағы таңғы аста круассан туралы қызықты әңгіменің куәгері болдым. Аңызға сәйкес, веналық кондитерлер түріктер қаланы екі рет ала алмаған соң осы круассанды ойлап табады.

Әңгіме шынымен Ислам дініндегі жарты ай туралы айтылып жатыр деп ойлайсыздар ма?

Круассан Осман туларындағы жарты айды білдіреді-міс. Круассанның ортасын орап тұрған қамырлы жолақ, «тұтқындауды» білдіреді делінген. Бұл аңызды жай ғана ойдан шығарылған әңгіме десе де, «континентті таңғы асыма» басқаша көзбен қарай бастадым»,- деп жазады жиһангез мұсылман.

 4. Сусабын мен карри

«Түркілердің тарихынан үнді тарихына көшейік. Кез келген еуропалық пәтерге барсаңыз, душтың жанында сусабыны бар шөлмекті кездестіресіз. Екі  әлемді байланыстырудыағы оның рөлі айдан анық.

Сусабынды әрі оның атасын бұл жерлерге Үнді бенгалы «доктор» Сейк Дін Мұхаммед (Sake Dean Mahomed) алып келеді. Бихар мұсылманы болған ол, Брайтонға XVIII ғасырда Ост-Үнді компаниясының ісімен келеді. Британияға келіп, Мұхаммед викториандық сұлулық салонын ашады, мұнда түрлі беделді кісілер чампи сеансы (үнділік басқа жасалатын массаж, бұл сөзден «шампунь» сөзі шыққан) үшін келетін болған.

Мұхаммедтің танымал болғаны соншалық, оны ресми түрде Георг IV пен Вильгельм IV патшалары кезінде сарай маңындағы ресми «чампи массаж жасаушысы» етіп тағайындайды.

Бұл Мұхамедтің ағылшын мәдениетіне жасаған жалғыз үлесі емес, сонымен қатар, ол Британияда бірінші болып, Лондон қаласында «карри-хаус» немесе «карри үйін» ашады, ол «Үнділік  кофе үйі» (Hindustani Coffee House) деп аталып, әлі күнге дейін мұндай жазуы бар тақтайшаны Вестминстердегі Джордж-стриттегі үйлердің бірінде кездестіруге болады.

3. Нормандтық арабтар

Ортағасырлық испан мұсылмандарының Еуропаға жасаған әсері баршаға жақсы белгілі, алайда, бірнеше мың километр қашықтықта Пиреней түбегінің оңтүстік-батысында XI ғасырдан кейін не болғаны аз адамға ғана мәлім. Мұнда шағын ғана Сицилия аралында, кезінде Андалусияда гүлденгендей мәдениет шарықтап өркендеді. Бір өзгешелігі, ол мұсылман қолбасшылығының астында емес, толықтай арабтанған нормандық христиан қолбасшыларының билігінің астында болды.

Бұл мәліметтен көпшілік адамдардың бейхабар қалуының себебі, сол заманның тарихи ескерткіштерінің жоқтығында. Ал Испания аумағында бізге жеткен Гранададағы Альгамбра сарайы немесе Кордовадағы Мескита мешіті ғана емес, басқа да көптеген танымал ескерткіштер бар. Бірақ көршілес орналасқан Сардинияда кезіп жүргенімде, материалдық мұраны кездестіргендей болдым. Лакони қалашығын қоршап тұрған таулардағы саябақта, бір сарайдың орны қалған, ол Аймерих сарайы. Қанша ізденіп, табуға тырыссам да, бұл сарай жайында ешқандай мәлімет таппадым. Бірақ қыдырып жүріп, құлаған қабырғаларының арасынан мавритандық іздерді анық байқадым. Бұл сарайдың жасын ескерер болсақ, оның құрылысына көршілес исламдық Сицилияның әсері бар болғанын байқаймыз.

2. Шейх Дракула

Жазушы Брэм Стокер румын туризміне кезіндегі Уолт Дисней Флорида туризміне қосқан үлесінен аз үлес қоспады. Кейде Стокер ойлап тапқан вампирдің түптұлғасы Трансильвиниядағы ортағасырлық Дракула тегінен шыққан Влад ІІІ, осы шығыс-еуропалық елге саяхат жасауға жалғыз себепші дүние іспетті. Алайда, вампир іздеушілердің көбісі біле бермейтін мәлімет, ол үшінші Владтың араб тілін жетік меңгергені. Тіпті оның хафиз болып, Құранды жатқа білді деген де мәліметтер бар.

Мұндай таңқаларлық мәліметтерді мен бірінші рет Румынияның шығыс шекарасында орналасқан Мангалия мен Констанцадағы ежелгі мешіттерді зерттегенде білдім. Тарих кітаптары бойынша, Владтың әкесі оны және Раду деген бауырын Стамбулға жібереді, мұнда олар достық қарым-қатынасын бұзбаудың кепілі болып, «тұтқындар» ретінде түрік сұлтандарымен өмір сүреді. Балалар түрік тәрбиесін алып, араб тілі мен Құранды меңгереді.

Әкелері қайтыс болғаннан кейін Владтың бауыры Раду Дракула исламды қабылдап, түріктерге оралған.  Міне, осылайша мұсылман-дракула туралы әңгіме бастау алған. Оқиғаның мұндай желісі Брэм Стокердің түсіне де кірмеген болуы керек.

1. Латын арабшасы

Мұсылман-дракула жайындағы таңқаларлық оқиғадан басқа таңқалдыратындай не бар десеңіз, Еуропадағы ең басты «Исламның сыры» одан да қызық.  Менің не туралы айтып жатқанымды түсіну үшін, Еуропаның оңтүстігінде орналасқан ең күнге күйген арал Мальтаға сапар шегейік. Мұнда біз ислам іздерін кітаптар, ескерткіштер мен аңыздарда емес, жергілікті адамдардың сөздерінде кездестіреміз.

  Кез келген мальталықты онға дейін санауын сұрасаңыз, сіз мальталық сандар толықтай арабша айтылатыны түсінесіз. Қызыма екі алма (мальталық бойынша екі  «тнейн» деп аталады) сатып алуды араб тілінде сұрағанымда, күлімсіреген сатушы оған екі алманы қолына ұстата қойды.

   Халқы араб тілінде сөйлейтін солтүстік Африкаға жақын болғанымен, Мальта аралы Сицилиялықтарға қарыздар. Мальта тілі қазіргі таңға дейін жеткен жалғыз сикуло-араб тілінің диалекті, ол өз кезегінде Фатимидтер мен норман-арабтарының кезінде пайда болған араб тілінің сицилиялық түрі.  Мальта тілінде сонымен қатар, итальян, француз және аз ғана ағылшын тілінің әсері бар.

  Сицилияның өзінде ешкім сикуло-араб тілінде сөйлемейді, ол италияндық сицилия тілімен ығыстырылған. Сондықтан Мальта және оның тұрғындары біз жоғарыда айтқан Сицилияның исламдағы «алтын» дәуірдің жалғыз әрі әлі күнге дейін өмір сүріп келе жатқан көрінісі.

Мальталық лингва франк тілінде (ұлыстар арасындағы тіл) сикуло-араб тілі 40% дейін сақталған – бұл латын әліпбиін қолданатын жалғыз семиттік тіл десек те болады!

Осылай, барлығымыз бір-бірімізді алыс туысқан деп айтуға болатын негіздемелер бар. Бұл мәліметтерді еуропалықтар мен мұсылмандарды біріктіретін көпір ретінде қолдануға болады»,- деген.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру