Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұхаррам айының ерекшеліктері

www.muftyat.kz 25.09.2017 3979 0 пікір

Омар ибн Хаттабтың (оған Алла разы болсын) билік жүргізген заманында қабылданған мұсылман күнтізбегіндегі жыл басы Мұхаррам айынан басталған. Сол кезден бастап аталмыш күнтізбе әлемнің көптеген елдерінде қолданыла бастады. Басқа діндерден өзгешелігі – ислам әлемінде жаңа жылды тойлау дәстүрі жоқ, дегенмен 1-ші Мұхаррамның өзіндік мәні бар, өйткені жаңа жылдың басы болып табылады.

Қасиетті Құранда Мұхаррам айының айырықша ерекшелігінің бірі көрсетілген: «Расында Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың Кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардан төртеуі құрметті айлар» (9:36). Осы төрт құрметті айдың біреуі Мұхаррам айы болып табылады. Құрметті айлардың басқа айлардан артықшылығы олардың өзіне тән құндылықтары бар.  

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мұхаррам айын «Шахруллахи/Алла айы» деп атаған, бұл ай Алланың берекеті мен файызына толы.  Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осы айды бұлай атауының себебі – аталмыш айда Алла Тағаланың мейіріміне бөленудің көркем мүмкіндігі бар.  

Сондай-ақ, Мұхаррам айы пайғамбарлар тарихында да ерекше орынға ие. Әртүрлі риуаяттарда келтірілгендей, Адам, Нұх, Ибраһим, Мұса, Дәуіт, Яқуб, Юсып, Айюб, Юнус және Ғиса (оларға Алланың сәлемі болсын) сияқты пайғамбарлар Мұхаррам айының Ашура деп аталатын оныншы күні қиындықтардан құтылып, ерекше игіліктерге ие болған екен.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру