Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шариғатта садақа берудің дәстүрмен үйлескені

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің наиб имамы Қожамұратов Елбек Тасболатұлы 18.09.2017 4691 0 пікір

Ислам шариғаты садақа беруге қатты қызықтырды, Алла Тағала Құранда:

 لَنْ تَنَالُوا الْبِرَّ حَتَّىٰ تُنْفِقُوا مِمَّا تُحِبُّونَ ۚ وَمَا تُنْفِقُوا مِنْ شَيْءٍ فَإِنَّ اللَّهَ بِهِ عَلِيمٌ

«Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар. Не берсеңдер де Алла Тағала оны толық біледі. (Әлі Имран 92).

         Айша анамыздан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) айтты:

« Жомарттықтың тамыры пейіште, бұтақтары дүниеде, кім бір бұтағына жабысса пейішке жетелейді. Ал сараңдық тамыры тозақта, бұтағы дүниеде, кім оның бір бұтағына жабысса тозаққа жетелейді».

         Пайғамбарымыздан жеткен хадис:

«Дүниелеріңді зекетпен сақтаңдар, дерттеріңді садақамен емдеңдер, бәле-қазаны дұғамен күтіп алыңдар».

         Пайғамбарымыз айтты:

« Адамның дүниесі садақадан еш азаймаған. Қай адам бір зұлымдықты кешсе Алла Тағала оның дәрежесін көтерген. Кім Алла үшін кішіпейілдік жасаса Алла оның қадірлі қылған».

         Бұл аят-хадистерді білген атам қазақ, ісімен және сөзімен амал еткен, оған мысал ретінде айтсақ мақал-мәтелдер, салт дәстүр дәлел болады:

Жарлыға берген садақа 
Құ
дайға қарыз бергенмен бірдей

Жоқтық ұят емес,
Тоқтық мұрат емес.

Жолдасыңның жоғын қарас:

Табылса жоғына жақсы,

Табылмаса көңіліне жақсы.

Бірақ дінімізде сақада бергенде алатын адамға зиян бермеу шарт етіледі. Құранда былай делінеді:

 
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ لاَ تُبْطِلُواْ صَدَقَاتِكُم بِالْمَنِّ وَالأذَى كَالَّذِي يُنفِقُ مَالَهُ رِئَاء النَّاسِ وَلاَ يُؤْمِنُ بِاللّهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ فَمَثَلُهُ كَمَثَلِ صَفْوَانٍ عَلَيْهِ تُرَابٌ فَأَصَابَهُ وَابِلٌ فَتَرَكَهُ صَلْداً لاَّ يَقْدِرُونَ عَلَى شَيْءٍ مِّمَّا كَسَبُواْ وَاللّهُ لاَ يَهْدِي الْقَوْمَ الْكَافِرِينَ

«Әй мүміндер! Аллаға, ақирет күніне сенбей, адамдарға көрсету үшін мал сарып қылған кісідей, садақаларыңды міндет қылу, ренжітумен жоймаңдар. Міне соның мысалы: Үстінде топырағы бар тас сияқты, оған қатты нөсер жауса, (топырағын шайып) тас күйінде қалдырды. Олардың еңбектері еш болады. Алла қарсы болған елді тура жолға салмайды». (Бақара 264).

         Сондықтанда дәстүрімізде «Даяғашшы» деген түсінік бар. Олар бәйгеден бірінші келген атты мәре сызығынан күтіп алатын адам. Оған ауылдағы беделді, бірақ жағдайы нашар адамды қоятын болған. Ол кісіге бәйгеге тігілген ат, түйе құнындай зат беріледі. Бірақ оны садақа деп бермейді.

         Демек ата-бабаларымыз дінімізді дәстүрімізге ұштастырып бізге үлкен мұра қалдырыпты. Алла бізді осы мұрамыздан айырмасын. Әмин!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру