Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құрбандыққа шалынатын малды қалай дұрыс бауыздау керек?

www.muftyat.kz 29.08.2017 8562 0 пікір

Малды дін талаптарына сәйкес бауыздау -  «Бисмилляһ» деп айтып, авдаджын кесуді білдіреді.  Авдадж – бұл мал тамағының жалпы атауы, яғни өңеш пен кеңірдектің екі басты күретамырлары. 

Малдың мойнын арт жағынан бауыздау мәкрүһ болып табылады, өйткені егер малдың авдаджы кесілмей тұрып өліп кетсе, онда ол өлімтік болып саналады.  Сондықтан малдың жағының астын ала тамағын кесу керек.

Сонымен қатар, келесі дүниелер де мәкрүһ болып табылады:  мал бауыздауда өтпейтін пышақты қолдану; малды бауыздайтын орынға жатқызып қойып, пышақты қайрау; малды бауыздайтын орынға аяғынан сүйреп әкелу; мал өлмей тұрып, оның басын денесінен бөлу әрі терісін сыпыру.

Құрбандық шалу кезінде келесі жайттарға көңіл қою керек:

1) Малды бауыздайтын орынға, оны еш азаптамай әкелу керек.  Малды сол жағымен Қыблаға қаратып жатқызу қажет.

2) Құрбандыққа шалынатын малдың иесі малды өзінің  союы немесе өзі қасында тұрып, мал бауыздауды басқа мұсылманға тапсыруы мустахаб болып табылады.

3) Мал соятын адам өз ісіне мұқият болып, малды азаптамай бауыздауы керек. Дәл бауыздар алдында  «Бисмилляһи Аллаху Акбар» деп айту керек. .

4)  Егер құрбанға арналған малды союшы адам әдейі  «Бисмилляһ», деп айтпаса, онда Ханафи мәзхабының пікірі бойынша,  бұл малдың етін тамаққа пайдалануға болмайды. Егер адам ұмытып «Бисмилляһ» деп айтпаса, мұнда тұрған еш әбестік жоқ. 

5) Малды азаптамас үшін, мал толықтай өлмей тұрып, оның терісін сыпыруға кіріспеу керек. Құрбандық иесінің құрбандыққа сойылған күнгі малдың бауырынан бірінші жасалған тамақ мустахаб болып табылады.

6) Малды бауыздамас бұрын, алдын-ала пышақты жақсылап қайрап алу керек әрі мұны құрбандыққа шалынатын малға көрсетпей жасаған абзал.

7) Бұқаларды, енекелерді, қойлар мен ешкілерді бауыздағанда,   жақтың астын ала  орналасқан тамақты кесіп жібереді.  Бауыздаудың мұндай түрі  «забх» деп аталады. Ал түйелердің бауыздалуына келер болсақ, тамақтың кеуде тұсына жақын орналасқан жерін кесіп жібереді және бұл «нахр» деп аталады.  Малдың тамағы бауыздалған соң, соғұрлым көп мөлшерде қанның ағып кетуіне мұршат беріп, біраз уақыт жайына қалдырып қою қажет.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру