Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құрбандыққа шалған малдың етін немесе терісін сатуға бола ма?

muftyat.kz 16.08.2017 4141 0 пікір

«Тот, кто продаст шкуру жертвенного животного, будет подобен тому, кто не совершил жертвоприношения»

Сұрақ: Құрбандыққа шалған малдың етін немесе терісін сатуға бола ма?

Жауап: Құрбандық шалған адам құрбандыққа шалынған малдың етін өзіне әрі өзінің отбасына бүтіндей қалдыруына, сондай-ақ, садақа ретінде мұқтаж жандарға таратып беруіне болады (Әбу Дауд, Дахайа, 10).

Алайда құрбандыққа шалынған малдың етін немесе ішек-қарынын сатуға тыйым салынған болып табылады. Ал малдың терісін, майын, бас-аяқтарын немесе жүнін сату мәкрүһ болып саналады (Ибн Нуджайм, әл-Бахрур-Ракаик, VIII, 203). Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқаны келтірілген:

«Кімде-кім құрбандыққа шалынған малдың терісін сатар болса, ол құрбандық шалмағандай болады» (Байхаки, Сунануль-Кубра, IX, 294).

Ал егер адам білмегендіктен құрбандыққа шалынған малдың етін немесе терісін сатып жіберген болса, онда содан түскен ақшаны садақа ретінде таратып беруі тиіс (Маргинани, әл-Хидайа, IV, 76). Құрбандыққа шалынған малдың терісін мұқтаж жанға сыйға беруге немесе әлдебір қайырымдылық қорына табыстауға, сондай-ақ,  оны үй бұйымы ретінде ұстауға болады. (Касани, Бадаиус-Санаи, V, 81).

Сонымен қатар, құрбандыққа шалынған малдың әлдебір бөлігін, осы малды бауыздаған адамның қол ақысы ретінде беруге болмайды. Алидің (оған Алла разы болсын) былай айтқаны жеткізілген: «Біз түйені құрбандыққа шалғанда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) маған түйенің терісі мен жүнін бір мөшекке жинауымды тапсырды.  «Қасапшылардың ақысын өзім беремін», - деп маған олардың қол ақысы ретінде бірдеңе беруіме тыйым салды» (Мүслім, Хаж, 348; Бұхари, Хаж, 120; Әбу Дауд, Манасик, 21). 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру