Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қажылыққа барғандар күнәсінен арылып орала ма?

Мирас Көкебаев, Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданының бас имамы 07.08.2017 3703 0 пікір

Картинки по запросу хадж

 Қажылық исламдағы басты 5 парыздың біріне жатады. Қажылық сөзі араб тілінен алғанда, «құрмет тұтылған қасиетті жерді зиярат ету» мағынасын береді.  Қажылық парызды Алла Тағала барлық мұсылманға соның ішінде қаражаты жететін адамдарға ғана міндет еткен.

 Алла Тағала Құран Кәрімд«Хажы» сүресінің 26-аят : «Ибраһимді (ғ.с.) Қағбаның орнына орналастырдық» деп, Қағбаның маңыздылығын айтқан.

Ұлы Абай атамыз өз өлеңінде:

...Ораза, қажы, зекет, талассыз іс...деп қажылықтың басты бұлжымас парыз   екендігін тоқталған. Абай атамыз өзі қасиетті Меккеге баруға кезінде уақыты, денсаулығына байланысты мүмкіндігі болмағандықтан барып тәу етіп қайтуды інісі Шәкәрімге жүктегені белгілі. Шәкірім ғұлама қажылықтан мол білім жинап, оралғандығын өз еңбектерінде жазып кеткен.

 Қазақ халқы қажылықты ерекше бағалап, қажыға барған адамға құрмет көрсетіп, атын атамай қажы деп сыйлайтын келген. Тарихтан белгілі Құнанбай қажы, Ақыт қажы, Зуқа қажылар жол азабын тартып, Меккеге көп қиындық шегіп барып қайтқандығы айтылады.

 Қажылық жайлы ислам ғұламалары да көптеген тың ойлар айтқан.

«Қажылық – судың ластықтарды тазалағанындай күнәларды тазалайды» (Табарани) деген. Және де «Арафатта уақфаға тұрып күнәларының кешірілмегенін ойлаған адам үлкен күнәға кірген болады» деп бұйырылды. (Хатиб) делініп, қажылық құлшылыұтың маңыздылығын  зерделенеді.

«Қабыл болған қажылық өткен күнәларды жояды.» (Байхаки) «Қажылығын орындап жаман сөз айтпаған және дұрыстықтан айрылмаған адам анасынан туған күнгідей күнәсіз болады.» (Бұхари) деп бұл амалдың өзектілігін айтқан.

 Қажылық парызын өтеуді ниет еткен мқсылман мына  5 шартты толық орындау қажет

  1. Ислам дінінде болуы керек, яғни Алла Тағала тыйған істерінен сақтанушы және бұйырған нәрселерін орындаушы – намазхан, салауатты мұсылман болмағы ләзім.
  2. Балиғат жасына жетуі;
  3. Ақыл-есі дұрыс;
  4. Еркіндікте, бас бостандығы болуы;

5.Қажылыққа баруға күші келетін, қажылыққа барып келгенше жетерлік қаржысы және ол ақшасы адал кәсібімен табылған болуы керек. Міне, осы шарттар қажылықтың негізгі шарттары болып табылады.

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) қажылықтың  парызының жауапты, сауабы мол екендігін  өз хадистеріндеайтып өткен. Адамды анадан жаңа туғандай пәк,күнәсіз  кейіпке әкелетін қажылықтың ғаламаты осында болса керек.

Қажылықтың мынандай парыздары бар.

  1. Ихрамға кіру;
  2. Арафаттта тұру;
  3. Тауап ету.

Осылайша барша мұсылманның араманы қажылыққа барудың сауабы мен артықшылығы шексіз екендігін осындай тағылымдардан білеміз.

Қажылық туристік сапар емес, құлшылық парыз екендігін естен шығармайық.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру