Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТҮС ЖОРУ

muftyat.kz 03.08.2017 536073 12 пікір
Түс – адамның ұйықтап жатқанда көретін нәрселері. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) бір хадисінде былай дейді:


إِذَا اقْتَرَبَ الزَّمَانُ لَمْ تَكَدْ رُؤْيَا الْمُسْلِمِ تَكْذِبُ وَأَصْدَقُكُمْ رُؤْيَا أَصْدَقُكُمْ حَدِيثًا وَرُؤْيَا الْمُسْلِمِ جُزْءٌ مِنْ خَمْسٍ وَأَرْبَعِينَ جُزْءًا مِنْ النُّبُوَّةِ وَالرُّؤْيَا ثَلَاثَةٌ فَرُؤْيَا الصَّالِحَةِ بُشْرَى مِنْ اللَّهِ وَرُؤْيَا تَحْزِينٌ مِنْ الشَّيْطَانِ وَرُؤْيَا مِمَّا يُحَدِّثُ الْمَرْءُ نَفْسَهُ فَإِنْ رَأَى أَحَدُكُمْ مَا يَكْرَهُ فَلْيَقُمْ فَلْيُصَلِّ وَلَا يُحَدِّثْ بِهَا النَّاسَ

«Егер ақыр заман жақындаса, мұсылманның көрген түсінің бәрі шын бола жаздайды. Сөзі шыншылдың түсі де шыншыл. Мұсылманның түсі – пайғамбарлықтың қырық бестен (алтыдан) бірі, түс үш түрлі: ізгі түс Алладан сүйінші және қайғыртушы түс, шайтаннан және ойында жүрген нәрсені түсте көру. Егер біреулерің түсінде ұнамайтын нәрсе көрсе, тұрып намаз оқысын да, адамдарға айтпасын».

  Түс жоруда имам саналатын Ибн Сирин бұл хадиске төмендегідей анықтама береді: «Болмашы түстердің шайтанға тіркелуі: өйткені сол шақырушы, негізінде Алла адамның барлық жақсы-жаман түстерін жаратады.»

  Ал адам жақсы түс көрсе, мына хадиске амал ету керек: «Жақсы түс Алладан, біреулерің жақсы көретін нәрсесін көрсе, тек жақсы көретін адамына айтсын және тек насихатшыл (дұрыс) адамға немесе ғалымға айтсын».

  Жаман түс көргенде төрт нәрсе жасау қажет:

1) Шайтанның және көрген нәрсесінің жаманшылығынан Аллаға сыйынып дұға жасау керек;

2) Сол жағына үш рет түкіру (сүф-сүф деп айту);

3) Жатқан жанбасынан ауысып екіншісімен жату;

  • Ешкімге айтпау.

Осы нәрселерді жасаса, Пайғамбарымыз айтқандай, оған еш зиян тимейді.

Ал кім түсінде Алла Тағаланы кейіпсіз көрсе немесе Пайғамбарымызды көрсе ол хақ. Хадисте: «Кім мені түсінде көрсе, ол хақ, шайтан менің бейнемде келмейді».

  Түсті жорытуда өте сақ болу қажет. Хадисте:   «Түс жорылғандай болады, бұның мысалы: бір аяғын көріп, қашан қоярын тосып отырған адам секілді, сондықтан біреулерің түс көрсе, тек жанашыр немесе ғалым адамға айтсын».

  Кей адамдар көрмеген нәрсесін көрдім деп әр-түрлі мақсатта өтірік айтады. Пайғамбарымыз мұндайдан өте сақтандырған: «Өтіріктің ең жаманы – екі көзі көрмегенді көрдім деу».

   Ал жорушы адам түсті көрген адамнан естігені жақсы, егер ұнатпайтын түс болса немесе толық білмесе, «саған жақсылық», «дұшпаныңа жамандық» деп қана айтуы керек.

Түсті көрген мезетте жорытқан жақсырақ.

Түсті білетін ізгі адамдарға жорытылады, бақсы-балгерге жорытылмайды.

Бұрында болған әңгіме дейді: «Кезінде үлкен қария түс жорумен танылып, жан-жақтан адамдар іздеп келеді екен, бірде бір келіншек келесі ауылдан іздеп келсе, әкесінің сапар шегіп кеткенін қызы хабарлайды, сосын келіншектен жөнін сұрайды.

«Мен түсімде омырауымды екі қасқыр жеп жатқанын көрдім», - деп түсін айтады. Сонда сауатсыз қызы:

«Ой-бай, сізді қасқыр жейді екен ендеше», - деп жориды. Әкесі қайтқан соң, оқиғаның мән-жайын айтқанда: «Тентек неме, егіз ұл босанатын келіншекті қасқырға жем қылыпсың ғой!», - деп қызына зекіп жіберіпті. Арада уақыт өтіп келіншекті қасқыр талағаны жайында хабар жеткен екен.

  Түс жору Юсуф пайғамбардың мұғжизасы болған.

Адам түс көріп уайымдай бермесін деп қазақ мынадай мәтел айтқан: «Түс түлкінің боғы». Сондықтан әр қашан Аллаға сиынып, өзінен амандық тілейік.

 

Пікірлер (12)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Рахмет | 08.02.2020 01:01

Ассалаумағалайкум, түсінде имам көрген адамды не күтеді? 

Администратор | 12.02.2020 10:14

Уағалейкумассалам! Түсіңізде имамды көруіңіз - жақсылықтың белгісі. Алла бұйырса өміріңізде рухани өзгерістер болмақ. Бәлкім, намаз оқымайтын болсаңыз, намазға келерсіз. Бес уақыт намазыңыз болса одан әрі рухани кемелдене түсерсіз.

Ыскак Райымбек | 14.02.2020 02:12

Ассалаумалейкум.Тусинде Аллах деп дуга тилеп жаткан болсан,тусинде сурелерди емин еркин окитын болсан?

Администратор | 17.02.2020 12:42

Уағалейкумассалам! Бұл да бір жақсы белгі. Осы түсіңіз Алланың қалауымен өңіңізде де орындалар.

Элизат | 19.02.2020 03:07

Ассалаумағалайкум!Түсіңде мешітке жұмысқа тұрған болсаң не болады?

Елдос | 20.02.2020 10:07

Ассаламуалейкум! Тусинде маркум анамен. Анамнын басынна келип куран окиндеп жатсам. Адеми кураннын дауысын естидим. Меннен бурын ким окыган деп жаныма карап жатканда ояндым. 

Жаркын | 24.02.2020 10:40

Ассалямуалейкум Уа Рахматуллахи Уа Баракатуху ! Мен тусимде кооп биттерди кордим! Кишкентай Улымнын басынан!  калай жоруга болады? 

Nurbolat MT | 07.03.2020 11:06

Ассалаумағалейкум Мұсылман Бауырларым. 

Мен түсімде қоңыз көрдім, үстімде өріп жүр. 

Ол ненің белгісі?

Алдашбай | 07.03.2020 12:14

Тусимде каскырлар ма алде шакалдар ма коршап Аллы.шошып оянып кеттим.не билдиредi

Ғалия | 30.03.2020 10:56

Ассаламуалейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Мен түсімде бірнеше күннен бері үлкен қоңыр өрмекші көремін. Бірақ шаққан емес,  қашып құтылып жүрмін. Бұл нені білдіреді екен? Құранда өрмекші деген сүре бар, онда өрмекші жайында жақсы жазбаған сияқты. Не білдіре екен?

Ғалия | 30.03.2020 10:58

Ассаламуалейум уа рахматуллахи уа баракатух! Түсте үлкен қоңыр өрмекші көрсе не болады ? Жиі көріп жүрмін. Алдын ала рахмет ! 

JOKER MIWON | 03.04.2020 07:27

Ассалаумагалейкум. Тусимде кайтыс болыппын. Кабиримди кордим. Кабирден шыгайын десем озине тартып ала береди,сосын айтоуир шыгыппын, тири адамдармен сойлесе алады екенмин. Сойтсем алдыма Нурсултан Абишович келип сурап жатыр,  калай екен ана омир?  Менин де баратын жерим гой деп, ал мен айттыппын:  Нурсултан Абишович куна жасаманыз,  деп айкайлап жатып оянып кеттим. 

JOKER MIWON | 03.04.2020 07:28

Каскыр урлык деп жатады гой.Сак журиниз. 

Байгонысова Гульдана | 27.11.2021 11:51

Салеметсиздер ме! Сиздердин саттарынызга тіркелген едім. Өте қызықты екен.
Түс жору туралы окыдым. Пікір калдырган едім. шыкпады пікірім тіркелмеді.
 айтып жіберініздерші. Түсінде пыскан койдың басын көрсе не болады және оны жесен?