Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қымыз туралы не білеміз?

Аманкелді Жарасов Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Байжігіт баба» мешітінің бас имамы 02.08.2017 17815 0 пікір

 

Похожее изображение

 Қымыз ежелден түркі тектес халықтардың ұлттық суысын ретінде белгілі. Тарихи аңыздарда адамды күнәсінен тазалау үшін боз биенің сүтіне шомылдырғандығын білеміз. Қымыз ру, тайпа аралық келісімдерде өзара ант беру кезінде ішілгендігін де аңғаруға болады.

 Қымыз қысқы және жазғы болып бөлінеді. Сонымен қатар қысырақтың қымызы деген түрі көбінде қыс кезінде пайдаланылған. Бұрынғы кезде хан ордасымен билер, сұлтандардың ордасынан қысы жазы қымыз үзілмеген..

Жазды алғаш бие байланғанда қымыз мұрындық еріліп, уыз қымыз ішілетін болған.

Уыз қымыз деп  – биені алғаш байлап, жаңадан ашытылған қою қымызды айтады.

Қымызмұрындық берудің басты себебі: жайлаудың қызығын бастау, қыс бойы алыста болған елдің бір бірімен араласып, қатар жайлауға қонып, амандық-саулық сұрасу, барыс-келіс жасап, ынтымақ-татулықты арттырудағы маңызы ерекше болған.

Қымызды ашытқанда қазы, жал майы, бидай т б  ашытқы ретінде пайдаланылып келгендігін білеміз. .

Сонымен қатар бал қымыз деп  деген түрі жылқының сүр қазысын қосып, әбден бабына келтіріліп пісілген қымызды айтады. Бұл қымыз аса мәртебелі қонақтарға арналған. Түсі сарғыш болып келетін болған.

Қымызды күштілігіне қарай бірнеше топқа бөледі. Тай қымыз – бір күн сақталған қымызды айтатын болса, Құнан қымыз – екі-үш күн сақталған қымызды айтатын болған. Мұндай қымызды көбінде жастар ішетін болғандығы айтылады. Дөнен және бесті қымыздар деп сабада пісіліп, төрт-бес күн сақталған өте күшті қымызды атайды. .

Қымыздың күштілігіне байланысты атауларды халқымыз осылайша жылқының жасына қатысты атаулармен атауы да тегін емес болса керек.

Аталарымыз  күзгі қымыздың дәмі ерекше деп көрген. Себебі бұл уақытта шөп пісіп, мал семіретіндігімен байланысты болса керек.

 Қымыз қазір де молынан пайдаланылады. Халқымыздың мас болдыратын арақ шараптан аулақтап қымызды сусынға көбіне пайдалануы етек алып келеді. Бұл аса қуанышты жағдай деуге болады.

Ұлы Абай атамыз:

Осы қымыз қазаққа,

Мақтаның ба, асың ба?

Қымызды басар артынан,

Ет даяр ма қасыңда, - деп тірлікті ойламай, қымыз қуып,  бос қызық уақыт өткізбеуді өсиет еткен.

 Қымыз өндіруді дамытуға мемлекет тарапынан да аса көңіл бөлініп отырғандығы ұлттық сусынды насихаттаудағы зор қолдау болып отыр.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру