Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Исламда қымыз ішуге тыйым салынған ба?

«Өскемен орталық мешітінің» бас имамы Бауыржан қажы Нығызбекұлы 18.07.2017 26978 0 пікір

 

Қымыз ежелден ата-бабалармыздың сүйікті сусыны. Қазақ халқы текті ұлт болғандықьан ішетін ас судың таза, халал болғандығына айырықша мән берген. Күнделікті ішетін тағамның және  сусынның адам денсаулығына пайдасы туралы бабаларымыз ертеден-ақ білген.

 Сондықтан тұтынатын ас-суға ерекеше талғаммен қарағандығы, тарихи деректерден білеміз.

 Бұл туралы әлемдік мұрағаттарда көптеген тың деректер бар екендігі айтылуда.

Әйгілі қолбасы, батыр, Ақтамберді жырау:

...Аурудан асқан жан бар ма,

    Жылқыдан асқан мал бар ма?! 

   Биенің сүті сары бал, 

Қымыздан асқан дәм бар ма?!-деп жырлауы тегін емес болса керек.

 Қымыз адамды шөлдетпейтін және ашықтырмайтын қасиетімен ерекше. Сол себепті қазақтар ұзақ жүрісте, көші-қонда көп пайдаланған. Сауық-сайранның сәні, той-думанның негізгі сусыны қымыз болып келген.

Қымыздың құрамы дәрумендік заттарға аса бай болғандықтан ол адамға күш- қуат беріп, қан айналысын жақсартатын күшке ие екендігі дәлелденген.

 Исламда қызым ішу харам ба?

Деректерді қарап отырсақ: Ханафи мәзһабындағы ғұламалардан  Имам Мұхаммед ғұлама  ашыған жылқы сүтін ішу харамға жақын мәкруһ деп көретіндігі жазылған.

 Алайда Имам Әбу Ханифа және Имам Әбу Юсуф бойынша ашыған болса да, жылқы сүті адал деп есептелген . Адамды мас қылатын сусындардың үкімі басқаша. Алла Елшісі Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Мас етуші ішімдіктердің бәрі харам. Көп ішкенде мас ететіннің азы да харам» деп үкім еткен.

 Қымыздың құрамында ашыған кезде пайда болатын аз мөлшердегі спирт адамды мас болдыратын көрсеткішке жетпейтіндіктен, харам емес деуге толық негіз бар.

 Бабаларымызда сан ғасырдан бері қымыздың харам немесе мәкрүһ емес екендігіне көз жеткізіп, пайдаланып келеді деуге болады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру