Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мақал - мәтелге айналған ислам құндылықтары

Елбек Қожамұратов www.muftyat.kz 08.06.2017 6600 0 пікір

Ислам діні әлемдік, әрі мәңгілік дін. Әр жердің мұсылмандары өздерінің дәстүрлеріне сай дінді ұстап келеді, себебі Ислам шариғатқа қайшы келмейтін салт-дәстүрді жоққа шығармайды, керісінше қолдап, құптайды. Казіргі кезде кей мұсылмандар Исламның міндеті немесе сүндеті деп басқа елдердің салт-дәстүрін енгізгісі келеді. Бірақ бұл олардың білімсіздіктерінен. Себебі Ислам бізге шариғатты орындалу бейнесін еркімізге тапсырды. 

Демек әр елдің мұсылмандары дінді дәстүріне сіңіріп жіберді. Осының бір дәлелі - қазақтың мақал-мәтелдері.

Мақал-мәтелдерге зер салсақ, көпшілігі Құран-сүннеттің сөздері негізінде айтылғандығын байқаймыз. Бұл бір жағынан қазақ халқының діни білімінің өте терең болғандығын көрсетсе екінші жағынан халқымыздың даналығын білдіреді.

Сөзімізге дәлел ретінде бірнеше мақал-мәтелдерді талдап көрейік:

Әркімнің өз жері - Мысыр шахары

Отан сүйгіштік мұсылманның негізгі міндетінің бірі, дінімізде «Отанды сүю-иманнан» деген қанатты сөз бар, бұл жайлы Пайғамбарымыздың мынадай сөзі бар:

 عَنِ ابْنِ عَبَّاسَ أَنَّ رَسُولَ اللهِ صلى الله عليه وسلم وَقَفَ عَلَى الْحَزْوَرَةِ فَقَالَ: وَاللهِ إِنَّكَ لَخَيْرُ أَرْضِ اللهِ وَأَحَبُّ أَرْضٍ إليَّ وَلَوْلَا أَنَّ أَهْلَكَ أَخْرَجُونِي مِنْكَ مَا خَرَجْتُ مِنْكَ. رَوَاهُ الدَّارِمِى

Ибн Аббастан жетті: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) Хазуараға тұрып былай деді: «Аллаға ант етемін, расында сен ( Мекке) Алланың ең жақсы жерісің және маған ең сүйікті мекенсің, егер сенің тұрғындарың мені шығарып жібермегенде мен сенен шықпаушы едім». (Тирмизи, Дарими).

Міне бұл мақалдың хадиспен дәл ұштасатыны көрініп тұр.

Қөп қайда болса - Құдай сонда.

وَاعْتَصِمُوا بِحَبْلِ اللَّهِ جَمِيعًا وَلَا تَفَرَّقُوا ۚ وَاذْكُرُوا نِعْمَتَ اللَّهِ عَلَيْكُمْ إِذْ كُنْتُمْ أَعْدَاءً فَأَلَّفَ بَيْنَ قُلُوبِكُمْ فَأَصْبَحْتُمْ بِنِعْمَتِهِ إِخْوَانًا وَكُنْتُمْ عَلَىٰ شَفَا حُفْرَةٍ مِنَ النَّارِ فَأَنْقَذَكُمْ مِنْهَا ۗ كَذَٰلِكَ يُبَيِّنُ اللَّهُ لَكُمْ آيَاتِهِ لَعَلَّكُمْ تَهْتَدُونَ

Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер. Сондай-ақ өздеріңе Алланың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені: Бір-біріңе дұшпан едіңдер, жүректеріңнің арасын жарастырды, Оның игілігімен туысқа айналдыңдар. Оттан бір шұңқырдың ернеуінде едіңдер, сендерді одан құтқарды. Осылайша Алла сендерге аяттарын тура жолға түсулерің үшін баян етеді. (Әлі Имран, 103).

عَنِ ابْنِ عُمَرَ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صلى الله عليه وسلم: «مَا كَانَ اللَّهُ لِيَجْمَعَ هَذِهِ الأُمَّةَ عَلَى الضَّلالَةِ أَبَدًا وَيَدُ اللَّهِ عَلَى الْجَمَاعَةِ هَكَذَا فَعَلَيْكُمْ بِسَوَادِ الأَعْظَمِ فَإِنَّهُ مَنْ شَذَّ شَذَّ فِي النَّارِ

Ибн Омар (радиаллаһу анһу) айтты: Пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді: «Алла бұл үмбетті ешқашан адасуға жинамайды және Алланың қолдауы көпшілікпен, сондықтан көпшілікпен болыңдар, себебі кім бөлінсе отқа кеткені». (Тирмизи).

Көпшіліктің ұстанымы, наным-сенімі бекер болмайды. Бөлініп алауыздық тудыратындардың оңбайтынын түсіндірген бұл мақал да дініміздің негізін дөп басады.

Құдай десең құр қалмассың 
***
Құдайдан сұрасаң кешірер,
Кісіден сұрасаң екі көзіңді өшірер.

وَإِذَا سَأَلَكَ عِبَادِي عَنِّي فَإِنِّي قَرِيبٌ أُجِيبُ دَعْوَةَ الدَّاعِ إِذَا دَعَانِ فَلْيَسْتَجِيبُوا لِي وَلْيُؤْمِنُوا بِي لَعَلَّهُمْ يَرْشُدُونَ

(Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді». (Бақара, 186).

Қарасаңыз, атам қазақ мұсылманның өмірінде өте маңызды деген Шариғат шарттарын мақал-мәтелмен жеткізген екен.  

Ұят - иманның белгісі

أَبِي هُرَيْرَةَ - رَضِيَ اللهُ عَنْهُ - عَنِ النَّبِيِّ - صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ - قَالَ:الإِيمَانُ بِضْعٌ وَسَبْعُونَ أَوْ بَضْعٌ وَسِتُّونَ شُعْبَةٌ، فَأَفْضَلُهَا قَوْلُ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللهُ، وَأَدْنَاهَا إِمَاطَةُ الأذَى عَنِ الطَّرِيقِ، وَالْحَيَاءُ شُعْبَةٌ مِنَ الْإيمَانِ

Әбу Хурайрадан (радиаллаһу анһу) жеткен хадисте: Пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді: «Иман жетпіс немесе алпыс бірнеше бұтаққа бөлінеді, оның ең жоғарысы: Ләә Илаһа иллаллаһ- Алладан басқа тәңір жоқ, деп айту, ең төмені: жолдан кедергіні кетіру. Ұят иманның бөлігі». (Муслим).

Адамның қай жағдайы болмасын ұятқа мұқтаж, адалдық ұятсыз болмайды. Ұяттың осынау маңыздылығын білген даналарымыз екі ауыз сөзбен хадисті мақалға айналдыра білген. 

 

Елбек Қожамұратов, 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің наиб имамы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру