Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бауырға деген қамқорлық

20.03.2015 4687 0 пікір

Бір күні сахаба Әбу Зәрдің (р.а.) киген киімі құлының киген киіміндей екенін байқап қалған кісілер: «Мына құлыңның киіп жүрген киімдерін сен өзің киіп, қызметшіңе басқа киім берсең болмас па еді?» - дейді.

Мұны естіген Әбу Зәр (р.а.) былай дейді: «Мен бір адаммен сөзге келіп қалған едім. Оның анасы араб емес әйел болатын. Мен талас-тартыс кезінде оның шешесін балағаттадым. Ол адам мені хазіреті Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) айтып шағымданды. Сонда Расулуллаһ (с.ғ.с.) маған:

– Сен және пәленше бір-бірлеріңді балағаттадыңдар ма? - деді. Мен:

– Иә, - дедім.

– Оның анасын балағаттадың ба? 

– Иә, балағаттадым.

– Олай болса сенің жан-дүниеңде әлі күнге дейін жаһилияттың (қараңғылықтың) жаман мінез-құлықтары қалыптасып қалған біреу екенсің, - деді. 

– Уа, Расулуллаһ! Жасым ілгерілеп жол ортасына келсем де менің бойымда әлі күнге дейін надандық іс-әрекеттер бар ма? - дегенімде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

– Иә, олар сендердің қызметшілерің әрі бауырларың. Ол бауырларыңды Алла сендердің қорғауларыңа берген. Кімде-кімнің қорғауына Алла тағала осылайша бір бауырын берген болса, оған жегенінен жегізсін, кигенінен киіндірсін. Оның шамасы жетпейтін ауыр жауапкершілік міндет жүктемесін. Егер күші жетпейтін міндет жүктеген болса, онда қызметшісіне жәрдем етсін, - деді (Бұхари, Әдеп 44).

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру