Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

15 Мамыр 2026

28 Зулқағда 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

ҚАЗАҚСТАН, ӘЗЕРБАЙЖАН, ҚЫРҒЫЗСТАН, ТҮРКИЯ ЖӘНЕ ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНЕ ЗИЯРАТ ЕТТІ

Ақорданың баспасөз қызметі 15.05.2026 358 0 пікір
ҚАЗАҚСТАН, ӘЗЕРБАЙЖАН, ҚЫРҒЫЗСТАН, ТҮРКИЯ ЖӘНЕ ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНЕ ЗИЯРАТ ЕТТІ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев түркі дүниесінің әйгілі рухани және тарихи-мәдени киелі орындарының бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды. 

Мемлекеттер басшылары ұлы ғұлама, әулие Қожа Ахмет Ясауи мен кесене аумағында жерленген басқа да белгілі тарихи тұлғалардың рухына зиярат етті.

Президенттерге кесененің XIV ғасыр соңында Әмір Темірдің бұйрығымен салынғаны, көлемі жағынан әртүрлі 35 бөлмеден тұратыны жөнінде ақпарат берілді.

Ғимараттың ішкі биіктігі 39 метрді, ал сыртқы биіктік өлшемі 41 метрді құрайды.

Зиярат рәсіміне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да қатысты. 

Мәртебелі меймандар қабірхананы, орталық бөлмеде орналасқан қазандықты, тайқазанды және қола лауханы аралап көрді.

Сондай-ақ экспозицияда түркі-ислам әлемінің белгілі ойшылдары мен шайырларының еңбектерінен тұратын 45 кітап қойылған. Олардың арасында Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани Хикмет», Низамидің «Хамса», Науаидің ғазалдары, Бақырғанидың шығармалары, Фирдоусидің «Шахнама», Физулидің «Ләйлі мен Мәжнүн» дастаны, сонымен бірге «Манас» жырының үзінділері және басқа да сирек кездесетін туындылар бар.

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған кесенеге османдық каллиграф Ахмед Шемседдин Карахисаридің қолынан шыққан Құранды сыйлады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру