Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: Қордайда қарилар дайындау орталықтары арасында республикалық байқау өтті

Жамбыл облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 15.05.2026 771 0 пікір
Жамбыл: Қордайда қарилар дайындау орталықтары арасында республикалық байқау өтті

Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша қарилар дайындау орталықтары арасында республикалық деңгейдегі байқау ұйымдастырылды. Рухани шара қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, жиналған жұрт тағылымды сәттің куәсі болды.

Салтанатты ашылу рәсімінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Бас имамы Асқар Зәкіржанұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар Құран жаттаудың артықшылығы мен оның мұсылман өміріндегі маңызына тоқталып, қарилардың еңбегін жоғары бағалады. Сондай-ақ Құран қызметінің жауапкершілігі мен абыройы жайында насихат айтты.

Байқаудың әділқазылар алқасы құрамында ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі Серік Ахмет, «Хусамуддин әс-Сығанақи» атындағы ислам институты Құран ижаза бөлімінің меңгерушісі Теміржан Мұратов және Жамбыл облысы Құран секторының жетекшісі Бірлік Жанарбекұлы болды. Қазылар алқасы қатысушылардың тәжуид ережелерін сақтауын, дауыс мақамын, жаттау сапасын және көркем оқу мәнерін бағалады.

Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды:

10 пара бойынша:
1-орын — Жүнісәлі Абдулла Махсатұлы («Әз Тәукехан»)
2-орын — Салим Маликұлы («Қордай»)
3-орын — Абдумажид Саиджанұлы («Әл-Итқани»)

20 пара бойынша:
1-орын — Хамза Мухармейұлы («Қордай»)
2-орын — Бақберген Әділбекұлы («Ықылас»)
3-орын — Муслим Хакимжанұлы («Әл-Итқани»)

30 пара бойынша:
1-орын — Абдулбасит Двумарұлы («Қордай»)
2-орын — Мухиддин Имоладинұлы («Атбасар»)
3-орын — Ермұрат Аятжан («Балаби»)

Мәнерлеп оқу бойынша:
1-орын — Абисов Абдулла («Әл-Итқани»)
2-орын — Нұрболұлы Наурыз («Көктөбе»)
3-орын — Азаматұлы Юсуф («Әз Тәукехан»)

Жүлдегерлерге байқау ережесіне сәйкес қаржылай сыйақылар мен арнайы марапаттар табысталды. Сонымен қатар барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары беріліп, олардың еңбегі жоғары бағаланды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың басты мақсаты – шәкірттердің білімін шыңдау, Құранға деген сүйіспеншілігін арттыру және қарилардың рухани деңгейін көтеру. Жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар мен көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.

Аталған байқау жас қарилардың білімін жетілдіріп, Құранға деген құрметі мен ықыласын арттырған тағылымды рухани шара ретінде есте қалды.

 
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру